Accessibility links

Еуропа кеңесі Әзербайжандағы адам құқығы жайын тексермек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропа кеңесі Әзербайжан Еуропаның адам құқығын қорғау жөніндегі конвенциясын қалай орындап отырғанына ресми тексеру бастады. Ұйымның бас хатшысы Торбьорн Ягланд бұл тексеруге Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты шығарған шешім түрткі болғанын хабарлады. Оның сөзінше, сот Әзербайжанда «заңды жосықсыз, мәселен, сыншыларды үнін өшіріп, сөз еркіндігін шектеуге пайдаланатыны» байқалып отырғаны туралы байлам жасаған.

Ягланд Әзербайжан билігінің түсініктемесін білу үшін Еуропа кеңесі өкілдері Бакуге жіберілгенін айтқан.

Әзербайжанда былтыр билік оппозицияны ауқымды түрде басып-жаншғаннан кейін Батыс үкіметтері мен халықаралық құқыққорғау ұйымдары президент Илхам Әлиев пен оның үкіметіне сынды күшейткен.

Еуропа кеңесі бұндай тексерулер сирек болатынын айтады. Ягланд ұйым жетекшілігіне келгелі бері бұл алғаш рет қолға алынып отырған тексеру.

Әзербайжан Еуропа кеңесіне 2011 жылы қосылған. Бұл ұйым мүшелері Еуропаның адам құқығын қорғау туралы заңын ратификациялауға, сонымен бірге, Страсбург сотының заң күшін мойындауға міндетті.

XS
SM
MD
LG