Accessibility links

Оралда белсенділерді қудалауға қарсы митинг өткізуді сұрады


Белсенді, журналист Лұқпан Ахмедьяров Орал қалалық әкімдігінің кеңсесіне митинг өткізу туралы өтініш тапсырып тұр. Орал, 12 қаңтар 2016 жыл.
Белсенді, журналист Лұқпан Ахмедьяров Орал қалалық әкімдігінің кеңсесіне митинг өткізу туралы өтініш тапсырып тұр. Орал, 12 қаңтар 2016 жыл.

Оралдық бірнеше азаматтық белсенді бүгін қалалық әкімдікке митинг өткізу туралы өтініш берді. Белсенділер 24 қаңтарда азаматтық белсенділер, "алауыздық тудырды" деп айыпталған Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты және Болатбек Біләловті қылмыстық қудалауға жаппай қарсылық танытпақ.

Митингіні ұйымдастырушылардың бірі, журналист әрі белсенді Лұқпан Ахмедьяровтың айтуынша, белсенділер осылайша "елде сотты өзгеше ойлайтындармен күресу үшін пайдалануға" қарсылықтарын білдіргісі келеді.

2015 жылдың соңында Мәмбеталин, Нарымбаев пен Біләлов интернеттегі жазбалары үшін қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру") айыпталып, қамалған. Мәмбеталин мен Нарымбаевтың соты Алматыда өтіп жатыр. Біләловтің соты осы аптада Астанада басталады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG