Accessibility links

AP: «Талибанға» Ресей жәрдем беріп отыр


"Талибан" жасағы шамалы уақыт басып алып, бірақ кейін олардан азат етілген Құндыз қаласында жүрген ауған қауіпсіздік күштері өкілдері. 8 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
"Талибан" жасағы шамалы уақыт басып алып, бірақ кейін олардан азат етілген Құндыз қаласында жүрген ауған қауіпсіздік күштері өкілдері. 8 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресей Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысымен байланысын нығайтып, оларға қолдау көрсетуді арттырып жатыр деп хабарлады Associated Press агенттігі АҚШ барлау қызметінің аты-жөні көрсетілмеген өкілдеріне сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, АҚШ барлау қызметінің қолына былтыр Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласын шамалы уақыт басып алған «Талибан» жасағына Ресей қару-жарақ беріп, әскери дайындықтан өтуіне көмектескенін дәлелдейтін айғақтар түскен.

«Орыстар Талибан» күштеріне «Ислам мемлекеті» тобына қарсы күресуі үшін ақша мен қару-жарақ берген» дейді америкалық барлау қызметінің өкілі. Оның сөзінше, «Талибан» жасағының қолындағы Калашников автоматтарының дүмі пластиктен жасалған (ондай тек Ресейде шығады), сондай-ақ олар жаңа үлгідегі Калашников пулеметтері және танкке қарсы гранатометтермен қаруланған.

«Біз Ресейдің «Талибан» арасындағы кейбіреулерге қолдау танытып, оларды Ауғанстанның солтүстік шекарасында іс-әрекетке итермелеп отырғанына жүз пайызға сенімдіміз. Ол жерде «Ислам мемлекеті» тобына қарсы аралық күш ретінде әрекет етуші «Талибанға» Тәжікстаннан жәрдем жеткізу оңай» дейді АҚШ барлау қызметінің өкілі.

Associated Press агенттігінң ақпарат көздері Мәскеудің «Талибанға» қолдау танытуының тағы бір себебі – Кабулдағы АҚШ-ты жақтайтын үкіметті әлсірету деп санайды.

Ресей ресми орындары әзірше бұл ақпаратқа байланысты комментарий берген жоқ.

XS
SM
MD
LG