Парламенттің шаруашылық басқармасы 11 мың шөлмек элиталы спирттік ішімдіктер алуды жоспарлап отыр деген мәлімет елдің наразылығын тудырған. Басқарма бұл мәліметтің шындықпен жанаспайтынын және "адамдық факторға" байланысты жарияланып кеткенін хабарлаған.
Мұның алдында қызметтік пәтерін күткен мәжіліс депутаттарының бірнеше апта Астанадағы қымбат қонақ үйде тұруы туралы ақпарат та әлеуметтік желіде дау тудырған.
Парламенттің шаруашылық басқармасы қонақүйді жалға алу құны 8 миллион теңгені (шамамен 23 мың доллар) құрағанын жариялаған. Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова тілшілердің "арзандау қонақ үй алуға болмады ма?" деген сұрағына "кім қандай күтімге алынса, сондай жұмыс жасайды" дегені де қоғамдық пікірге қозғау салған еді.