Азаттықтың Қырғыз редакциясының қызметкері Уланбек Эгизбаевтың "Арман" деп аталатын видео ролигі халықаралық Webby Awards жүлдесін "Халық даусы" категориясында "Ең үздік видео" номинациясы бойынша ұтып алды.
Роликте Қырғызстанның Нарын облысы Кочкор ауданында тұратын, мүгедектер арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі Нұрғазы деген жас бала туралы айтылады. Орталықтан қашық ауылда тұратын Нұрғазы бұрын мектепке ескі жолмен арбамен барып жүрген. Еріктілер Нұрғазыға квадроцикл алып берген соң ол енді сабақтан кешікпеуге уәде берген.
Webby Awards - халықаралық кәсіби интернет сыйлық. Ол жыл сайын әлемдегі ең үздік веб-жобалар - сайттарға, интернет жарнамаларына, желідегі видеороликтергеғ ұялы телефондарға арналған қызметтерге беріледі.
Қырғыз жасөспірімі Нұрғазы туралы видео ролик