Accessibility links

Астаналық зейнеткер баспана туралы талаппен пикет өткізді


Астанадағы жалғыз адамдық пикет
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:41 0:00

Астана тұрғыны зейнеткер Екатерина Зайцеваның жалғыз адамдық пикеті туралы видео.

Астанада бүгін жалғыз адамдық пикетке шыққан зейнеткер Екатерина Зайцева сүрілуге жатқызылған ескі жатақханадағы екі бөлмесіне пара-пар баспана берілуін талап етті. Ол көлемі 34 шаршы метр тұрғын жайына өтемақы ретінде жергілікті билік белгілеген 6 миллион теңгеге баспана сатып алу мүмкін емес дейді.

Әкімдік рұқсат еткен наразылық акциясы қаланың шетінде, Шәкерім Құдайбердіұлы және Александр Пушкин көшелерінің қиылысында өтті.

– Мен - зейнеткермін. Бірге тұратын ұлымның төрт баласы бар. Өз баспанамыз үшін неге біреуден бірдеңе сұрауымыз керек? Үйімізді алады екен, онда тура сондай басқа үй берсін, - дейді «Әкімнің кінәсінен баспанасыз қалдым» деген жазу ұстаған Екатерина Зайцева.

Наразылық акциясын бақылаған Астана қалалық жылжымайтын мүлік департаменті жетекшісі Александр Срочков пен ішкі саясат басқармасының өкілі Ерлан Өтеулиев тұрғынның талаптарына байланысты Азаттық сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Зейнеткердің айтуынша, былтыр қыркүйекте Астананың Сарыарқа аудандық соты Екатерина Зайцеваның өтемақы сомасына қатысты берген өтінішін қанағаттандырған. Бірақ қалалық соттың апелляциялық алқасы әкімдік талабы бойынша ол шешімнің күшін жойған. Енді даулы іс жоғарғы сотта қаралмақшы.

Астананың бас жоспары бойынша, Өндіріс кентінде орналасқан бірнеше ғимарат сүріліп, орнына ТЭЦ-3 жылу электр станциясын салу жоспарланған.

XS
SM
MD
LG