ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаевтың үстінен қозғалған қылмыстық ісінде айыптау бабы басқа бапқа өзгертілді деп хабарлады сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» қоғамдық ұйымы.
«Әділ сөз» ұйымының хабарлауынша, Әсет Матаевтың ісінде оған тағылған айып «ақпараттық технологияны қолданып» өзіне артылған сенімді теріс мақсатта пайдаланған деген бапқа өзгертілген. Қылмыстық істегі баптың өзгергені туралы қаулы 23 мамырда шығарылған деп хабарлайды «Әділ сөз».
Әсет Матаев 28 наурызда әкесі, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың да үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде үйқамаққа алынған. Кеше Алматының жемқорлықпен күрес қызметі 23 мамырда Сейітқазы Матаевтың ісінде айыптау бабын «өзіне артылған сенімді теріс мақсатта пайдаланған» деген өзге бапқа өзгерткені туралы ақпарат тараған.
Сейітқазы Матаев 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған. Әкелі-балалы Матаевтар 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. Олар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Кейбір халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Қазақстан билігін Матаевтарды босатуға шақырған.