Accessibility links

Археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовті жерледі


Археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовпен қоштасу рәсімі. Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, 14 маусым 2016 жыл.
Археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовпен қоштасу рәсімі. Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, 14 маусым 2016 жыл.

Бүгін белгілі археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовті жер қойнына тапсырды. 82 жасқа қараған шағында дүниеден өткен археологпен қоштасу рәсімі Алматы іргесіндегі Есік қаласының кіреберісінде орналасқан «Есік» мұражайында өтті. Марқұмның жаназасына жүз шақты адам жиналды. Бекмұханбетов 12 маусым күні дүниеден өткен.

Бекмұханбет Нұрмұханбетов 1969 жылы ғылыми жетекшісі, археолог Кемел Ақышевпен бірге Есік қаласында біздің заманымызға дейінгі 5-6 ғасырларға жататын сақ қорғанына қазба жұмыстарын жасап, алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапқан. Қорғаннан алтын киімді адаммен бірге төрт мыңнан астам алтыннан жасалған киімге тағатын әшекей табылған. Алтын адам Қазақстан тәуелсіздік алған соң азаттық символына айналды.

XS
SM
MD
LG