Accessibility links

Дэвид Кэмерон отставкаға кететін болды


Дэвид Кэмерон отставкаға кететінін мәлімдеп тұр. Лондон, 24 маусым 2016 жыл.
Дэвид Кэмерон отставкаға кететінін мәлімдеп тұр. Лондон, 24 маусым 2016 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон британдықтар елдің Еуропа Одағынан шығуын қолдап дауыс берген соң отставкаға кететінін мәлімдеді.

Лондонда референдум қорытындысынан соң Даунинг Стритте мәлімдеме жасаған Кэмерон қазан айына қарай отставкаға кететінін мәлімдеді.

"Мемлекетімізді ендігі бағытқа (ЕО-дан тыс қалу - ред.) бастап бара жатқан кеменің капитаны болғаным дұрыс болар деп ойламаймын" деді Кэмерон.

Кэмерон бұған дейін ЕО-дан шығудың экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан зардабы тиетінін айтып, британдықтарды одақ құрамында қала беруге шақырып келген.

Ұлыбритания сайлау комиссиясы жариялаған түпкілікті нәтиже бойынша, дауыс берген сайлаушылардың 52 паайызы елдің ЕО құрамынан шығуын қолдап, 48 пайызы қрасы дауыс берген. Англия мен Уэльс елдің ЕО-дан шығуын қолдаса, Лондон, Шотландия мен Солтүстік Ирландия сайлаушыларының көпшілігі одақ құрамында қалуды қолдаған.

XS
SM
MD
LG