Accessibility links

Қазақстан боксшылары Риода 2 алтын алуды жоспарлайды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (қызыл формада) пен ұлттық құрама бапкері Мырзағали Айтжанов (сол жақта) Қытайдағы олимпиадалық іріктеу жарысында. 29 наурыз 2016 жыл (Сурет Қазақстан бокс федерациясы сайтынан алынды).

Бокстан Қазақстан құрамасы Рио олимпиадасында екі алтын алуды жоспарлайды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне ұлттық құрама бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтты.

- Бокс құрамасы Риода төрт медаль алуды жоспарлап отыр. Екі олимпиада алтынын алсақ деген жоспар бар, - деді жаттықтырушы.

Қазақстан бокс құрамасы алғаш рет олимпиадаға толық құрамда қатысады. Риоға Біржан Жақыпов (49 кг), Олжас Сәттібаев (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Абылайхан Жүсіпов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Василий Левит (91 кг) және Иван Дычко (+91 кг) барады.

Қазақстан бокс құрамасы 2012 жылғы Лондон олимпиадасында бір алтын, бір күміс, бір қола алған. Серік Сәпиев ол олимпиадада чемпион атанған.

Рио олимпиадасы 5- 21 тамыз аралығында өтеді.

XS
SM
MD
LG