Accessibility links

Бішкекте Азимжан Асқаровтың ісі қайта қаралып жатыр


Азимжан Асқаровтың сотынан көрініс. 11 шілде 2016 жыл.
Азимжан Асқаровтың сотынан көрініс. 11 шілде 2016 жыл.

Бүгін Қырғызстанның Жоғары сотында өмір бойы бас бостандығынан айырылған азаматтық белсенді және журналист Азимжан Асқаровтың шағымы қаралады.

Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, сотқа 100 астам журналисти аккредитация алған және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатыспақ.

Осыған дейін БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстан билігінен Асқаровты ақтап, түрмеден босатуды талап еткен. Осыдан кейін Асқаров пен оның адвокаттары Жоғары сотқа шағым түсіріп, істі қайта қарауды сұраған.

Азимжан Асқаров 2010 жылы маусымда Қырғызстанның оңтүстігінде Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында болған қақтығысты ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына түрме жазасына кесілген. Ол бұған қоса қақтығыс кезінде мерт болған полиция қызметкерінің қазасына да қатысы бар деп айыпталған.

2015 жылы жазда АҚШ мемлекеттік департаменті Асқаровты "адам құқығын құрметтеуге қосқан үлесі" үін марапаттаған. Бұған жауап ретінде Қырғызстан билігі АҚШ үкіметімен 1993 жылы жасасқан көмек көрсетуді жеңілдету туралы келісімді бір жақты түрде бұзған.

XS
SM
MD
LG