Accessibility links

Түркияда Фетхулла Гүленнің туысы мен көмекшісі ұсталған


Фетхулла Гүлен.
Фетхулла Гүлен.

Түркияда белгілі діни қайраткер Фетхулла Гүленнің туысы Мұхаммед Сайт Гүлен ұсталған. Жергілікті баспасөз құралдары оған терроризм айыбы тағылуы мүмкін деп хабарлады.

AFP агенттігі Фетхулла Гүленнің көмекшісі – Халис Ханжи ұсталған деген ақпарат таратты.

Түркия билігі 16 шілдеде елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған деп қазір АҚШ-та тұрып жатқан ықпалды діни тұлға – Фетхулла Гүленді кінәлайды. Гүлен Түркиядағы әскери төңкеріс жасау әрекетін айыптап, өзіне Анкараның таққан айыбын үзілді-кесілді жоққа шығарған.

Сенбі күні Түркия президенті Режеп Ердоған шілденің 21-інен бастап төтенше жағдай енгізілгелі бері алғашқы жарлығын шығарып, елдегі мыңнан астам жеке меншік мектепті, мыңнан астам қор, отыздай денсаулық сақтау мекемесі мен 15 жоғары оқу орнын жабуды талап еткен. Олардың бәрі Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікке ілінген.

Сонымен бірге Ердоған армияны да «түбегейлі тазартуға» уәде еткен.

Бұған дейін әскери бүлікке қатысы бар деген күдікпен он мыңнан астам адам ұсталған. Күдікке ілінгендерді армия қатары мен мемлекеттік қызметтен жаппай босатып жатқаны туралы хабарланды.

XS
SM
MD
LG