Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданына қарасты Ералиев ауылдық округіндегі ауылдардың бірін полиция қоршап тұр.
Бұл мәліметті Азаттыққа Ералиев ауылдық округінің әкімі Қалмахан Ақышев те растады.
Азаттық тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы бейресми дереккөздерінің айтуынша, Ералиев округіне қарасты ауылдардың бірінде кеше тұрғындар арасында қақтығыс болған.
Қалмахан Ақышев ауылдың полиция қоршауында екенін ғана айтып, басқа ақпарат беруден бас тартты.
Азаттық тілшісіне бұл ақпарға қатысты Мақтарал аудандық әкімдігі, ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімі, облыстық ішкі істер департаментінен мәлімет алу әзірге мүмкін болмай тұр.