Accessibility links

Адвокат: Козлов қатаң тәртіпті барақтан жалпы режимдегі абақтыға ауысты


Владимир Козлов құқықорғаушылармен кездесіп отыр. Заречный түрмесі. Алматы облысы. 21 шілде, 2015 жыл.
Владимир Козлов құқықорғаушылармен кездесіп отыр. Заречный түрмесі. Алматы облысы. 21 шілде, 2015 жыл.

Тыйым салынған оппозицияшыл "Алға" партиясының бұрынғы жетекшісі, "әлеуметтік араздық тудырды" деген айыппен түрмеде отырған Владимир Козлов қатаң жағдайдағы абақтыдан әдеттегі абақтыға ауыстырылды. Бұл жайында адвокат Айман Омарова Facebook-те хабарлаады.

Азаттықпен әңгімесінде Омарова Владимир Козлов қатаң жағдайдағы абақтыдан 2 тамызда өзінің ол абақтыда отыру мерзімі аяқталғандықтан және онда ары қарай да отыруына негіз болмағандықтан шығарылған. "Қазір Козловта тәртіптік жаза жоқ, ол "тәртіп бұзушы" емес" деді Омарова.

Владимир Козлов "түрме ішіндегі түрме" - қатаң жағдайдағы абақтыда бір жылдан астам уақыт болған. Оны қатаң жағдайдағы абақтыға 2015 жылдың 27 шілдесінде 10 күн түрме карцерінде ұстағаннан кейін жапқан. Биыл көктемде түрме комиссиясы Козловтың тәртібін "нөлдік деңгейде" (теріс, я оң емес) деп бағалағанымен, оны қатаң тәртіптегі абақтыда қалдырған.

Қазақстанда сот шешімімен қызметіне тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының бұрынғы басшысы Владимир Козлов 2012 жылы Жаңаөзен оқиғасына қатысты «әлеуметтік алауыздық өршіткен» деген айыппен жеті жарым жылға сотталған. Владимир Козлов пен жақтастары билік таққан айыптардың саяси астары бар деп біледі.

XS
SM
MD
LG