Accessibility links

Владимир Козловтың әйелі күйеуімен кездесуге түрмеге барды


Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова Заречныйдағы түрме алдында тұр. Алматы облысы, 10 тамыз 2016 жыл.
Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова Заречныйдағы түрме алдында тұр. Алматы облысы, 10 тамыз 2016 жыл.

Түрмеде отырған оппозицияшыл саясаткер Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова бүгін - күйеуінің 56 жасқа толған күні Алматы облысының Заречный елді мекеніндегі түрмеге барды. Ол мұнда түрмедегі күйеуімен екі сағаттан аспайтын қысқа мерзімге кездеспек. Тұрысбекова екі жастағы ұлы мен бір жастағы қызын үйіне туыстарының қарауына қалдырып кеткен.

Әлия Тұрысбекова Қапшағай қалалық соты 4 тамызда Козловты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға шешім шығарғандықтан бұл кездесу күйеуімен түрмедегі соңғы кездесуі болады деп үміттенеді. Егер сот шешіміне 19 тамызға дейін апелляциялық шағым берілмесе онда Козлов түрмеден босауы тиіс.

Владимир Козлов өткен жылы жаздан бері түрмедегі қатаң режимдегі абақтыға жабылып, жақында ғана жалпы режимге ауыстырылғандықтан Әлия Тұрысбекова күйеуімен бір жылдан астам уақыт ұзақ уақытқа кездесе алмаған.

Тұрысбекова кездесуде күйеуіне деп азық-түлік пен киім әкелген. Козловпен кездесуге Тұрысбекованың құрбысы Юлия Козлова да келді. Заречныйдағы түрменің алдына таңғы сағат 8-де барған оларды түрме территориясына сағат 11-де кіргізді.

2012 жылы Жаңаөзендегі 2011 жылғы оқиға кезінде "әлеуметтік араздық қоздырды" деген айыппен жеті жарым жылға сотталған Владимир Козлов соңғы жылы жазасын қатаң режимде өтеген. Оның бабы бойынша сотталған адам Қазақстан заңдарына сәйкес жазасының кем дегенде жартысын түрмеде өтеп, сосын барып өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арыз бере алады. Бұған дейін адвокат Айман Омарова Козловтың 2 тамызда Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА155/14 түзеу мекемесінде "түрме ішіндегі түрме" - қатаң жағдайдағы абақтыдан жалпы режимдегі абақтыға ауыстырылғанын хабарлаған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG