Accessibility links

Тәжікстанда екі заңгер ұзақ мерзімге сотталды


Бузугмехр Еров, ұзақ мерзімге сотталған тәжікстандық екі заңгердің бірі.
Бузугмехр Еров, ұзақ мерзімге сотталған тәжікстандық екі заңгердің бірі.

Тәжікстандық екі заңгер, құқық қорғаушы Бузугмехр Еров пен Нуриддин Махкамовты "билікті құлатуға жария түрде шақырды" және "қоғамдық тәртіпсіздік тудыруға арандатты" деген айыптармен ұзақ мерзімге сотталды. Душанбе соты Еровты 23 жылға, Махкамовты 21 жылға бас бостандығынан айырып, жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім кесті.

Құқық қорғаушылардың екеуі де кінәлерін мойындамайды және өздеріне қарсы істің саяси астары бар деп санайды. Еров 2015 жылы террористік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының 13 мүшесін қорғаған. Ұйымның ондаған өкілі қамалған.

Еров пен Махкамов - билік кәсіби қызметі үшін қудалаған бес адвокаттың екеуі. Human Rights Watch пен басқа да құқық қорғау ұйымдары оларды ешқандай шартсыз тез арада босатуды талап етеді.

XS
SM
MD
LG