Accessibility links

Сағадиев: ҰБТ-да екі жауабы бар сұрақтар болады


ҰБТ-ы тапсырып шыққан оқушылар. Көрнекі сурет.
ҰБТ-ы тапсырып шыққан оқушылар. Көрнекі сурет.

Үкіметтің бүгінгі отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы бойынша есеп берді. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады.

Сағадиевдың айтуынша, «Алтын белгі» атағын мектептердің өздері растайды. Оны ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде дәлелдеудің қажеті жоқ. Ал ұлттық бірыңғай тестілеудің өзі жоғары оқу орнына түсу және мемлекеттік гранттарды тарату үшін өткізіледі.

- Тестілеудің форматы да өзгеріп отыр. Бұған дейін бес пән бойынша 125 сұрақ болған. Соның ішінде тек төрт пәннің 100 жауабы ғана ескерілсе, жаңа формат бойынша 120 сұрақ болады. Барлығы ескеріледі. Ең жоғары ұпай саны - 140. Себебі кейбір сұрақтар бойынша екі ұпай алуға мүмкіндік бар. Тестілеу кезінде үш міндетті және екі салалық пәндер болады, - деді министр.

Министр Қазақстан тарихы пәні мектептегі емтиханға да, ҰБТ-ға да енетінін айтты. Сағадиев "Алтын белгі" иегерлері, республикалық олимпиада мен ғылыми жоба жарысында жүлде алған оқушылар да ҰБТ-ға қатысатынын жеткізді.

Келесі жылдан бастап түлектер мектеп дипломын алу үшін емтиxан тапсырады. Ал жоғары оқу орнына түсу үшін бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, мектепті бітірген кездегі емтиxан бес пән бойынша өткізіледі. Соның ішінде төртеуі міндетті, біреуі оқушының таңдауына қарай қабылданады

XS
SM
MD
LG