Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, жаңа президент Дональд Трамп Индиана штатынан сайланған бұрынғы республикашыл сенатор Дэн Коутсты Ұлттық барлау қызметінің директоры қызметіне ұсынбақ. 73 жастағы Коутс таяуда ғана сенатта алты жылдық қызметін аяқтаған. Коутс Джордж Буш президент болып тұрғанда АҚШ-тың Германиядағы елшісі болған.
New York Times-тің Трамп командасындағы аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Коутстың кандидатурасы бүгін ресми түрде жариялануы мүмкін.
Бұл уақытта Дональд Трамптың АҚШ-тың арнайы қызметімен, оның ішінде Ұлттық барлау қызметінің директоры Джеймс Клеппермен қарсылығы жалғасып жатыр. Қайшылық Ресей АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесіне ықпал ету үшін кибершабуыл жасады деген күдікке байланысты туындап отыр. Трамп Клеппер мен ол басқаратын 17 салалық агенттіктің Ресей билігі Демократиялық партияның серверлерінен электрондық хаттар ұрланған хакерлік шабуылды жасауға пәрмен берді деген мәлімдемесіне күмән келтірген.
Ресей бұл дауға өзінің қандай да бір қатысы барын жоққа шығарады. Егер Коутс Ұлттық барлау қызметінің директоры қызметіне ресми түрде ұсынылса, оны сенат мақұлдауы тиіс.