Accessibility links

NYT: Барлау Трамп көмекшілерінің "Кремльмен байланысын" тексеріп жатыр


|Пол Манафорт, Дональд Трамптың сайлау штабының бұрынғы басшысы.
|Пол Манафорт, Дональд Трамптың сайлау штабының бұрынғы басшысы.

Америкалық барлау қызметі жаңа сайланған президент Дональд Трамптың кем дегенде үш көмекшісі мен Ресей билігі арасындағы ықтимал байланыс туралы істі тергеу аясында "қолға түскен байланыс мәліметтері және қаржылық транзакцияларды" зерттеп жатыр.

New York Times газетінің АҚШ-тың іс басындағы және бұрынғы жоғары шенді шенеуніктеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Трамптың бұрынғы және қазіргі бірнеше кеңесшісі Ресеймен іскерлік байланыста болған. Басылым Трампқа сайлауалды кампаниясы кезінде кеңес берген адамдар олардың Ресеймен байланысы бар болуы ықтималдығына байланысты ерекше назарда екенін айтады. Газет кеңесшілер қатарына Трамптың сайлау штабының бұрынғы басшысы, Украина мен Ресейде бизнес жасаған Пол Манафорт, бизнесмен әрі сайлау штабының сыртқы саяси мәселелер бойынша бұрынғы кеңесшісі Картер Пейдж және тағы бір кеңесші Роджер Стоунды қосқан.

New York Times қолға түскен байланыс мәліметтерінің Трамп пен оның сайлау кампаниясына қатысы бар-жоғы және бұл тергеудің президент сайлауына килігуге қатысты тергеумен байланысты екені әзірге белгісіз дейді.

АҚШ барлау қызметі осы айда Кремльді АҚШ-та 8 қарашада өткен президент сайлауы кампаниясына килігуді ұйымдастырды деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG