Accessibility links

Мәскеу Ресейдің Қазақстанға қатысты саясатына түсінік берді


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.
Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.

Мәскеудің Қазақстанмен қарым-қатынасы бойынша сыртқы саясаты мәселелеріндегі ресми ұстанымын Ресей президенті, премьер-министрі, сыртқы істер министрі және уәкілетті тұлға ғана білдіре алады. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігі соңғы уақытта интернетте Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасының талқыға түсуіне байланысты мәлімдеді.

Екі елдің қарым-қатынасына қатысты түйткілді мәселе қаңтардың 26-сы парламенттік дөңгелек үстел отырысында Дума депутаты, ЛДПР партиясы мүшесі Павел Шперов жасаған мәлімдемеден соң талқылана бастаған. Шперов ол отырыста Ресейдің "ұлы ел" екенін айтып, "Дүниежүзіндегі өз мүддемізді қорғауымыз қажет" деген. Ол "Таяу шетел деп жүрген елдерде әзірге мұндай мүмкіндік бар. Қазақстандағы орыс отандастырымызды диаспора деу қате, өйткені олар отырған жер - уақытша шетел иеленген біздің жеріміз. Мәңгілік шекара жоқ, біз әлі Ресей шекарасына қайта ораламыз және ол таяу уақытта жүзеге асады» деген еді.

Бұдан соң Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов жергілікті БАҚ өкілдеріне бұған қатысты Қазақстан ұстанымы Ресей сыртқы істер министрлігіне "телефон арқылы білдірілгенін", сөйтіп екі тарап "екі елдің қарым-қатынасы мемлекеттік шекара туралы келісім мен тату көршілік және одақтастық негізінде құрылатынын қуаттағанын" айтқан.

Ресей СІМ Ресейдің стратегиялық серіктесі әрі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы одақтасы Қазақстанмен қазіргі өзара байланысының негіздері екі ел арасындағы 1992 жылы қабылданған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек жөніндегі келісім арқылы қаланғанын айтады.

XS
SM
MD
LG