Accessibility links

БАҚ: Трамп кеңесшісі Ресей елшісімен 20 қаңтарға дейін-ақ сөйлескен


Майкл Флинн, Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі.
Майкл Флинн, Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі.

Америкалық ақпарат құралдары Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майкл Флинн Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Сергей Кислякпен президент Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен бір ай бұрын Вашингтонның Мәскеуге қарсы салған санкциясы мәселесін талқылағанын жазды. Washington Post және New York Times басылымдары бұл жайында 9 ақпанда АҚШ-тың аты-жөнін атамаған бұрынғы және қазіргі шенеуніктеріне сілтеме жасап хабарлады.

Washington Post-тың ақпаратына қарағанда, америкалық бірнеше жоғары шенді шенеунік бұл байланыстарды Ресей үшін "Мәскеу Барак Обама әкімшілігі 2016 жылдың соңында енгізген санкцияларын кейінге қалдыра алады" дегенге нұсқайтын "өте заңсыз" белгі деп атайды.

Трамптың кеңесшілері Майкл Флиннің Сергей Кислякпен Рождестовдан бірнеше күннен соң Дональд Трамп қызметіне кіріскен соң Ресей президенті Владимир Путин арада келіссөз жүргізуін ұйымдастыру үшін сөйлескенін айтады.

Бірақ New York Times америкалық бұрынғы және қазіргі шенеуніктерге сілтеме жасап келіссөздің Трамп пен Путин арасында телефон әңгімесін ұйымдастыру мәселелері шеңберінен асып кеткенін айтады. Флинн мен Кисляк Обама әкімшілігі Ресейді сайлауда Трампты қолдау үшін кибершабуылдар ұйымдастырды деп айыптап, санкция салғаннан бір күн бұрын сөйлескен. Шенеуніктер Флинн санкция мәселесінде көмектесуге нақты уәде бермегенін, бірақ ондай нұсқаның ықтимал екенін білдірген. New York Times Ресей елшісімен әңгіменің ұзақтығы Флиннің қатардағы азаматтардың дипломатиялық келіссөзге қатысуына тыйым салатын заң талабын бұзған деген күдікті ұлғайта түсетінін және Трамп кеңесшілерінің мәлімдемелеріне қайшы келетінін айтады.

Трамп әкімшілігі әзірге бұл ақпарға қатысты реакция білдірген жоқ.

XS
SM
MD
LG