Accessibility links

Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі өзгертілмеді


Алматы облыстық соты (Көрнекі сурет).
Алматы облыстық соты (Көрнекі сурет).

Алматы облыстық соты Есік қаласындағы топ болып қыз зорлау ісі бойынша шыққан сот үкімін өзгертпеді.

28 қарашада Есік қаласының соты Есік тұрғыны Жібек Мусинованы зорлады деп айыпталған төрт адамды кінәлі деп тауып, ұзақ жылдарға соттаған: Асхат Бектұрсын - 10 жылға, Елтай Нұрбол - 9 жылға, Алмас Ермеков – 9,5 жылға, Ербол Ермеков - 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, апелляциялық сот отырысы өтетін сот ғимаратында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Жібек Мусинова топтасып зорлауға ұшырады деп болжанған былтыр тамыздың 14-іне қараған түнгі оқиғаны жергілікті баспасөз құралдары "резонансты қылмыс" деп атаған. Полицейлер төрт күдіктіге қатысты қылмыстық істі Мусинованың анасының видеоүндеуінен кейін ғана қозғаған, ал қылмыстық іс журналистердің назарына ілікті. Бұл іс бойынша сот 19 қазанда басталып, жабық түрде өтті. Сот іс материалдары бойынша салонында жыныстық зорлау болды танылған көлікті тәркілеуге шешім шығарды.

Сотталушылардың адвокаттары үкімме келіспей оған қарсылық білдірген.

XS
SM
MD
LG