Accessibility links

ҰҚК: Сауд Арабиясынан терроризм күдігіне ілінген азамат жеткізілді


ҰҚК-нің Алматы департаменті (Көрнекі сурет).
ҰҚК-нің Алматы департаменті (Көрнекі сурет).

Қазақстанға Сауд Арабиясынан "терроризмді насихаттады" деген күдікпен іздеу жарияланған азамат Абдухалил Абдужаббаров депортацияланды деп хабарлайды бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК). Күдікті Қазақстанға 18 ақпанда жеткізілген.

Арнайы қызмет ақпаратына қарағанда, Абдужаббаров "діни алауыздықты өршітті" және "терроризмді насихаттады" деген күдікпен 2015 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.

Тергеу орындарының мәліметінше, Абдужаббаров 2000 жылдардың басында Қазақстанның батыс облыстарында "такфир" идеясын насихаттаған. "Оның жалған уағыз жасау қызметі Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында жасырын радикалдық ұяшықтардың пайда болуына жағдай жасады. Оның кейбір жолын қуушылар елімізде террорлық актілер жасауға қатысты. Басқа көпшілігі Ауғанстан мен Сирияға содырлар қатарына қосылуға кетіп қалды" делінген ҰҚК ақпаратында.

ҰҚК күдікті 2006 жылдан бері Сауд Арабиясында тұрып, 2015 жылы желтоқсанда Мединеде содырлармен байланысы бар деген күдікпен ұсталғанын айтады. 2016 жылы қазан айында Түркияға шығарылған. Түркия билігі оған саяси баспана беруден бас тартып, Сауд Арабиясына кері қайтарған.

Қазір күдікті сот алды тергеу аясында қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG