Accessibility links

Бішкекте Омурбек Текебаевты қолдаған митинг өтіп жатыр


Бішкектің орталық Ала-Тоо алаңындағы саясаткер Омурбек Текебаевты қолдау акциясы. 27 ақпан 2017 жыл.
Бішкектің орталық Ала-Тоо алаңындағы саясаткер Омурбек Текебаевты қолдау акциясы. 27 ақпан 2017 жыл.

Бішкекте Ала-Тоо алаңында парламенттегі "Ата Мекен" фракциясының ұсталған жетекшісі, оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевты қолдаған митинг өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Алаңға ондаған адам жиналған және әлі де келіп жатыр. Текебаевтың жақтастары саясаткерді босатуды талап етіп, осымен екінші күн наразылық танытып жатыр.

"Ата Мекен" партиясының мүшесі, парламенттің бұрынғы вице-спикері Әсия Сасыкбаева журналистер сұрақтарына жауап беріп отырып, митингінің шексіз өтетінін айтты.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 26 ақпанға қараған түні әуежайда шетелден ұшып келген Текебаевты ұшақтан түсе ұстап, тергеуге әкеткен. Кейін тергеу органдары саясаткерді 48 сағат қамауға алған.

Прокуратураның хабарлауынша, Текебаев коррупциялық және алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікке ілінген. 27 ақпанда Бішкекте сот Омурбек Текебаевты бұлтартпау шарасын тағайындамақ.

Текебаевтың жақтастары оны қудалау саяси себептермен байланысты деп санайды және билік саясаткердің биыл күзде өтетін президент сайлауына түсуіне кедергі келтіру деп болжайды.

XS
SM
MD
LG