Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Дональд Трамп жеңіске жетті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Памирдегі қырғыздарға көмек
7 наурыз 2017 жыл, 11:38
Ауғанстандағы Үлкен және Кіші Памир тауларын мекендейтін этникалық қырғыздарға Қырғызстан гуманитарлық көмек жеткізді.
1
Теңіз деңгейінен 4200 метр биіктікте, Кіші Памир тауларында 136 қырғыз отбасы тұрады.
2
Памир қырғыздары азық-түлікті Ваханнан әкеледі. Онда барып-қайтуға үш күн кетеді.
3
Қырғызстанды 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында Ресей жаулап алған шақта этникалық қырғыздар шекара асып, Памир тауларын паналаған. Қазір сол қырғыздар Ауғанстанның шығысы мен Қытайдың батысында орналасқан Памир тауларын мекендейді. Олардың кейбірі кейіннен Түркияға қоныс аударған.
4
Памир қырғыздарында қалыңмал дәстүрі сақталған. Мұнда ұлды үйлендіргенде қыздың қалыңына 60 шақты қой, бірнеше қодас береді.
5
Памир қырғыздары биік таулардың арасында, табиғаты қатал, шөлейтті аймақта тұрып жатыр.
6
7
Памир қырғыздарының негізгі баспанасы - киіз үй.
8
Памирге барған дәрігерлер жергілікті 350-ге жуық тұрғынның денсаулығын тексерді, дәрі-дәрмек таратты.
9
10
Мұндағы қырғыздар Үлкен және Кіші Памир тауларының кісі аяғы жете бермейтін шатқалдарында тұрады. Бұл таулы өлкеде Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Қытай шекаралары тоғысады.
11
Қыздар бес-алты жасқа шыққанда "шаш өру" рәсімі жасалады. Олар осы жастан бастап бойжеткен саналады, қызға тән әдептерді сақтауы керек болады. Ал ұлдар төрт-бес жасында сүндетке отырады. Памир тауларын мекендейтін қырғыздар арасында бала өлімі әлі көп.
12
Памир қырғыздары қой, ешкі, қодас және жылқы бағады.
13
14
Памирдегі қырғыздарға көмек
Back to top
XS
SM
MD
LG