Accessibility links

Ауғанстаннан терроризм күдігіне ілінген қазақстандық экстрадицияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ауғанстаннан Қазақстанға террористік топты басқарды деген күдікті адам экстрадицияланды деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас прокуратурасының ақпаратына қарағанда, "З" есімді күдікті Атырау облысында террористік топ құрып, басқарды, оны қаржыландырды, террористік қылмыстар жасады деген күдікке ілінген. Күдіктіге 2011 жылы іздеу жарияланған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі қаңтардың соңында Ауғанстанда Дамир Зналиев есімді Қазақстан азаматы терроризм күдігімен ұсталғанын хабарлаған. Министрлік мәліметінше, Атырау облысының тумасы, 1989 жылы туған Дамир Зналиев 19 қаңтарда Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пуль уәлаятында ұсталған. Ауған құқық қорғау органдары оны террористік іс-әрекетпен айналысты деп күдіктенеді.

Бас прокуратура жыл басынан бері Ауғанстаннан Қазақстанның екі азаматы экстрадицияланғанын айтады.

XS
SM
MD
LG