Accessibility links

Алматыда "үй мәселесімен" қайтыс болғандарды еске алғызбады


Банктерден ипотекаға үй алып, қарызын төлей алмай жүрміз деген тұрғындар қалалық ішкі саясат басқармасы мен прокуратураның өкілдерімен сөйлесіп тұр. Алматы, 30 наурыз 2017 жыл.
Банктерден ипотекаға үй алып, қарызын төлей алмай жүрміз деген тұрғындар қалалық ішкі саясат басқармасы мен прокуратураның өкілдерімен сөйлесіп тұр. Алматы, 30 наурыз 2017 жыл.

Алматыда бүгін екінші деңгейлі банктерден ипотекаға үй алдық деген он шақты адам қалалық соттың алдына жиналды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар соттың алдында "үй мәселесімен банктің қысымына шыдамай" түрлі жағдайда қайтыс болып кеткен жеті адамды еске алмақ болған. Жиналғандар қайтс болған жеті адамның суреттерін соттың алдына қойып, оларды еске алып құран оқи бастаған. Сол сәтте оларға қалалық ішкі саясат басқармасы мен прокуратураның өкілдері келіп, ол жердің құран оқитын жер емесін айтып, шараны тоқтатуды сұрады. Жиналғандар өздерінің ешқандай акция, жиын өткізіп жатпағанын, тек марқұмдарды еске алу үшін жиналғанын айтқан. Бірақ билік өкілдері еске алу шарасын тоқтатуды талап еткен соң үлескерлер құран бағыштауды тоқтатып, таратпаққа алып келген жеті нандарын сол күйі үлестіре алмады.

Қалалық соттың алдына "үй мәселесіне байланысты банктің қысымына шыдамай өз-өздерін өлтірген" адамдардың суреттері қойылды. Алматы, 30 наурыз 2017 жыл.
Қалалық соттың алдына "үй мәселесіне байланысты банктің қысымына шыдамай өз-өздерін өлтірген" адамдардың суреттері қойылды. Алматы, 30 наурыз 2017 жыл.

Өзін банктен ипотека арқылы үй алдым деген Арзыгүл Теллаева бүгін сағат 10-да ипотекаға үй алған Ибрагимов деген тұрғынның соты болатынын, соған қолдау білдіруге жиналғандарын айтты. Оның сөзінше, банктерден ипотекаға үй алып, қарызын төлей алмай жүргендер Қазақстан Ұлттық банкіне көмек сұрап хат жазған. Бірақ Ұлттық банк оларға "екінші деңгейлі банктердің ісіне араласа алмайтынын" айтып жауап берген.

XS
SM
MD
LG