Сирияда сәуірдің 4-і күні оппозициялық күштер бақылауындағы Хан-Шейхум қаласында 70-тен астам адам газдан уланып қаза тапқан. АҚШ пен өзге батыс елдері және халықаралық сарапшылар Башар Асад режимін газ шабуылын жасады деп айыптады. Дамаск үкімет әскері химиялық қару қолданғанын жоққа шығарып, оқиғаға әуе шабуылы барысында оппозицияның химиялық қару-жарақ қоры сақталған қойма жойылып, соның салдарынан бейбіт тұрғындар мерт болған деп мәлімдеген. Осы тұжырымды Мәскеу де айтып отыр.