Accessibility links

Қазгидромет: Қазақстанда су тасқыны күшейе түседі


Алматы облысындағы Талғар өзені (Көрнекі сурет).
Алматы облысындағы Талғар өзені (Көрнекі сурет).

"Қазгимдромет" орталығының гидрологиялық болжаулар бөлімі алдағы күндері болатын жауын-шашын мен күннің күрт жылынуы салдарынан Қазақстанда су тасқыны күшейе түсетінін мәлімдеді.

- Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Есіл, Нұра, Сілеті, Шағалалы, Шыңғырлау өзендерінде су деңгейі 2-3 метрге көтерілген. Алдағы күндері жауын-шашын күтіп отырмыз. Кейін күн жылынады. Сондықтан Солтүстік, Орталық, Батыс аймақтарда су тасқыны күшейеді деп күтіледі. Жамбыл, Алматы облыстары, Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзендерде су дейгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. Ал Шығыс Қазақстандағы өзендерде мұз еру процесі жүріп жатыр. Бұл Шығыс Қазақстан өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне әсер етеді, - дейді гидрологиялық болжаулар бөлімінің инженері Ғалымжан Қамбарбеков Азаттыққа.

"Қазгимдромет" орталығы өздері жасаған болжамдарды төтенше жағдай министрлігіне жібергенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG