Accessibility links

"Талибан" Кабулдағы шабуылға қатысын жоққа шығарды


Кабулдың орталығындағы бомба орнатылған көлік жарылған орын. 31 мамыр 2017 жыл.
Кабулдың орталығындағы бомба орнатылған көлік жарылған орын. 31 мамыр 2017 жыл.

Кабулда дипломатиялық өкілдіктер орналасқан ауданда бомба орнатылған көлік жарылып, кем дегенде 90 адам қаза тапқанына бір тәуліктен астам уақыт өтсе де бір де бір топ шабуыл жауапкершілігін мойнына алмады.

"Талибан" өкілі Забиулла Муджахид қозғалыстың бұл шабуылға қатысы барын үзілді-кесілді жоққа шығарып, өз ұйымы бейбіт тұрғындарға жасалатын "кез-келген жөн-жосықсыз шабуылды" айыптайтынын мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстан арнайы қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік директораты шабуылды "Талибанмен" байланысы бар "Хаккани" тобы Пәкістанның жәрдемімен жасады деп сезіктенеді. Мұндай болжамды Ауғанстан билігінің бұрынғы бірнеше шенеунігі де білдірген. Ал Пәкістан билігі "террорлық шабуылды" айыптап, Ауғанстанға тілектес екенін білдірді.

Ауғанстан астанасы орталығындағы дипломатиялық өкілдіктер орналасқан ауданда мамырдың 31-і күні таңертең қарбалас уақытта автокөлікке орнатылған бомба жарылып, салдарынан кемінде 90 адам қаза тауып, 400-ге жуық адам жараланған. Олардың көбі - балалар мен әйелдер. Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігі шабуыл болған жерде қиранды астында қалғандар табылып жатқандықтан, құрбан болғандар саны өсуі ықтимал деп ескерткен.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі жарылыстан Қазақстанның екі азаматы жараланып, Кабулдегі Қазақстан елшілігіне зақым келгені туралы хабарлаған.

Бұған дейін мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында ірі шабуылдар жасап, биыл Кабулда болған басқа да ірі шабуылдар жауапкершілігін мойнына алған "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы әзірге 31 мамырдағы шабуылға қатысты мәлімдеме жасай қойған жоқ. Наурызда ИМ-нің Кабулдағы әскери ауруханаға жасаған шабуылынан 50-ден астам адам қаза тапқан.

ВИДЕО: Кабулдегі шабуыл туралы Жаһан жаңалықтары хабарынан тыңдаңыз (31.05.2017)

Жаһан жаңалықтары 31.05.2017
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:55 0:00

XS
SM
MD
LG