Accessibility links

Батыс елдері Ресейдің бейбіт шеруге шыққандарды ұстауын айыптады


Ресей полициясы Мәскеудің Тверь көшесінде жемқорлыққа қарсы акцияға шыққандарды ұстап жатыр. 12 маусым 2017 жыл.
Ресей полициясы Мәскеудің Тверь көшесінде жемқорлыққа қарсы акцияға шыққандарды ұстап жатыр. 12 маусым 2017 жыл.

АҚШ, Еуропа Одағы мен құқық қорғаушы ұйымдар Ресейде бейбіт акциялар кезінде жүздеген адамды ұстаған биліктің ісін айыптады. Кей мәліметтер бойынша, маусымның 12-і күні ресейлік оппозиция лидері Алексей Навальныйдың бастамасын қолдап, Ресейдің ондаған қаласында жемқорлыққа қарсы шеруге шыққан 1560-қа жуық адамды полиция ұстаған. Соның ішінде мемлекет астанасы Мәскеуде 866 адам, Санкт-Петербургте – 548 адам ұсталған.

Алексей Навальныйды шеру басталмай тұрып үйінен шыға бергенде ұстап әкеткен. Сейсенбіге қараған түні Мәскеу соты оны "митинг өткізу тәртібін қайта бұзғаны" үшін 30 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Ресей билігін бейбіт шеруге шыққанда ұсталған демонстранттарды босатуға шақырған Ақ үй оларды ұстау – «негізгі демократиялық құндылықтарға қол сұғу» деп мәлімдеген. Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини бейбіт демонстранттарды ұстау – «пікір білдіру еркіндігіне қатер» деп мәлімдеген. Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының мәлімдемесінде биліктің қолданған шаралары олардың азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтемейтіндігінің көрінісі болғаны айтылған.

Бұған дейін Алексей Навальный Ресей азаматтарын «президент Владимир Путин бастаған жең ұшынан жалғасушылық пен жемқорлық жүйесіне» қарсы маусымның 12-і күні наразылық акциясына шығуға шақырған.

Маусымның 12-і Мәскеуде болған қарсылық акциясынан видео:

Наразылықты күшпен басу
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:56 0:00

XS
SM
MD
LG