Accessibility links

Министр: Foreign Policy мақаласын біз бұғаттаған жоқпыз


Дәурен Абаев, Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі.
Дәурен Абаев, Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі.

Қазақстан тарабы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін сынайтын материал жарияланған Foreign Policy журналының сайтын бұғаттау әрекеттерін жасаған жоқ деп мәлімдеді ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. Sputniknews.kz сайтының хабарлауынша, Абаев бұл туралы журналистерге айтқан. Абаевтың сөзінше, сайт Қазақстан тарабынан бұғатталмаған. Министр сайтты "әлдекім бұл тақырыптың қызуын көтеру үшін әдейі бұғаттаған болуы мүмкін".

Өткен аптада америкалық Foreign Policy журналында журналист Джеймс Палмер Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін сынап мақала жазған. Ол Астанаға көрмеге келгенін, "қыруар қаржы жұмсалған көрмеде адам қарасы сирек екенін" жазған. Бұдан соң Қазақстанда журнал сайтының мақала жарияланған парақшасы бұғатталып, қайта ашылған.

Кейін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің жетекшісі Сергей Куянов Джеймс Палмердің Ұлыбритания азаматы екенін және оның көрмеге келмегенін мәлімдеген болатын. Бұдан соң Палмер Twitter-де Қазақстан шекарасын кесіп өткені туралы мөр басылған паспортының суретін жариялаған.

Дәурен Абаев бұған қоса Сергей Куяновтың мәлімдемесін жуып-шаюға тырысты. Sputniknews.kz сайтының жазуынша, Абаев Куянов "жұмысына байланысты үлкен эмоционалдық стресте жүргенін, адамшылық тұрғысынан оны түсінуге болатынын" айтты. "Себебі журналист Палмердің мәлімдемесі шындыққа сай келмейді. Сіздер мұны жақсы білесіздер" деді Абаев.

XS
SM
MD
LG