Accessibility links

АҚШ сенаторы Джон Маккейннің миына операция жасалды


Джон Маккейн.
Джон Маккейн.

АҚШ сенаторы Джон Маккейннің миындағы қатерлі ісікті алу үшін операция жасаған. Операция 14 шілдеде жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, Маккейннің ми қыртысына қан ұйып, соның салдарынан ісік пайда болған. Сенатор 15 шілдеде Аризона штатындағы ауруханадан шығарылған, қазір үйінде емделіп жатыр.

Дәрігерлердің есебінше, мұндай операция жасатқан адам орта есеппен 14 ай өмір сүреді. Джон Маккейннен 2002 жылы тері табылып, операция жасатқан.

Вьетнам соғысының ардагері Джон Маккейн 2008 жылы АҚШ президенттігіне кандидат болған. Ол сенатта қарулы күштер комитетін басқарады.

XS
SM
MD
LG