АҚШ-та ресейлік хакер Марк Вартанян бес жылға сотталды. Вартанян Колипто никімен танымал. Сот Атланда қаласында өтті. Вартанян наурызда Citadel (Цитадель) вирусын таратқанын мойындап, тергеумен келісімге келген.
Прокуратураның есебінше, 2011 жылы пайда болған вирус 11 миллион компьютерге залал келтіріп, жарты миллиард доллар көлемінде шығын әкелген. Вартанян АҚШ түрмесінде үш жыл отырады. Ол осыған дейін екі жыл Новрегия түрмесінде отырып, 2016 жылы АҚШ-қа экстрадицияланған.