Ақмола облысында 61 жастағы ер адам прокуратура мен Целиноград аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлеріне оқ атып, жарақаттаған. Кейін ол өз-өзіне де оқ атқан. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департаменттің мәлімдеуінше, "20 шілдеде сағат 14.35-те белгісіз біреу "Фольксваген Пассат" көлігінде отырып, Целиноград прокуратурасының ғимараты маңында прокуратура өкілі мен Целиноград аудандық ІІБ қызметкеріне оқ атқан. Жедел-іздестіру кезінде көлік ішінен күдіктінің мәйіті табылды. Ол өз-өзіне жүрек тұсына оқ атқан. Зардап шеккен прокуратура мен департамент қызметкерлерінің жағдайы тұрақты, алғашқы көмек көрсетілді".
Күдіктіні ақша жымқыру күдігі бойынша антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан.