Егер АҚШ Иранға қатысты жаңа санкциялар салу туралы заң жобасын мақұлдаса Тегеран да жауап қайтарады. Бұл туралы Иран президенті Хасан Роухани мәлімдеді.
АҚШ Иран ракеталық бағдарламасына қатысы бар компаниялар мен жеке тұлғаларға санкция салу мәселесін қарастырып жатыр. Санкция салу туралы заң жобасын Конгресс мақұлдады. Шілденің соңында заң жобасын сенат қарастырады.
Иранның ресми өкілдерінің пайымдауынша, АҚШ-тың заң жобасы 2015 жылы қабылданған Иран ядролық келісімін бұзады. Келісімге сай Иран ядролық бағдарламасын шектейді, ал АҚШ бастаған әлем елдері Иранға қатысты халықаралық санкцияларды алып тастауы тиіс.