Accessibility links

WP: FBI Пол Манафорттың үйін тінткен


Пол Манафорт, президент Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы жетекшісі.
Пол Манафорт, президент Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы жетекшісі.

АҚШ Федералдық тергеу бюросы (Federal Bureau of Investigation немесе FBI) президент Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы жетекшісі Пол Манафорттың үйін тінтіп, құжаттар мен басқа да материалдарды тәркіледі. Washington Post басылымының 9 тамызда хабарлауынша, тінту арнайы прокурордың Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін тергеу аясында жүргізілген.

Прокурор санкция берген тінту 26 шілдеде Манафорттың Вирджиния штатындағы үйінде, Манафорт сенаттың барлау жөніндегі комитетінің қызметкерлерімен кездескен күннің ертеңінде оның өзіне ескертпестен жасалған. Басылым бұл жайында тергеу барысымен таныс, аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, Манафорттың сенаттың барлау комитетінің қызметкерлерімен кезедсуде берген жауаптары 2016 жылы маусымда ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездесуіне ғана қатысты болған. Манафорт сенат комитетімен қосымша сұхбат беруге келіскен.

Манафорт Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін тергеудегі маңызды тұлғалардың бірі саналады. Ол 2016 жылы маусымда президент Трамптың ұлы кіші Дональд Трамптың ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездесуіне қатысқан. Сол жылы тамызда оның Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичпен іскерлік және саяси байланыста болғаны жария болған соң қызметінен кеткен.

XS
SM
MD
LG