Кем дегенде 13 адам мерт болған теракті кезінде қылмыскерлер фургон көлігімен адамдарды таптаған. Терактіні "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы (ДАИШ - Қазақстанда тыйым салынған) мойнына алды.
Алайда тоғызыншы теракт сол түні Каталонияның Камбрильс (Барселонадан 120 километр) қаласында жасалды. Онда да фургонға мінген қылмыскерлер адамдарды таптады. Жапа шеккен алты адам тірі, бірақ екеуі әл үстінде жатыр. Полиция күдікті деген төрт адамды атып өлтірді. Бір күдікті жараланған.