Accessibility links

Қырғызстан Жоғарғы соты: Текебаев жинаған қол жарамсыз


Оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаев сотта тұр. Бішкек, 16 тамыз 2017 жыл.
Оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаев сотта тұр. Бішкек, 16 тамыз 2017 жыл.

Қырғызстан Жоғарғы соты оппозициялық саясаткер, "Ата Журт" партиясы фракциясының жетекшісі Омурбек Текебаевтың президет сайлауына түсу үшін жинаған өзін қолдайтын азаматтардың қолын жарамсыз деп тану туралы сот шешімін заңды деп тапты.

Орталық сайлау комиссиясының 31 тамызда хабарлауынша, Текебаевтың ресми өкілі бұған дейін саясаткердің өзін қолдайтын 38 мың адамның қолын жарамсыз деп тапқан Бішкектің Первомай аудандық сотының шешіміне шағымданған. Жоғарғы сот ол арызды 30 тамызда қарап, сот шешімін күшінде қалдырған.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанға белгіленген. Президенттікке кандидат болудан үміткерлер өзін қолдайтын кем дегенде 30 мың адамның қолын жинап, қырғыз тілінен емтихан тапсырып, 1 миллион сом (шамамен 14600 доллар) көлеміндегі жайлау жарнасын төлеуі тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оппозиция жетекшісін қамаудың салдары қандай болмақ?

Орталық сайлау комиссиясы сайлау туралы заңға сай жақтастар қолын жинау кандидаттың жеке сайлау қорынан ғана қаржыландырылуы тиіс екенін, ал Текебаевтың қол жинау науқанында бұл талап орындалмағанын айтады.

Оппозициялық саясаткер, "Ата Мекен" партиясының жетекшісі, коррупциялық айыппен ақпан айынан бері қамауда отырған Омурбек Текебаев президент сайлауына түсуге өтініш білдіргенімен, тіл емтиханына да жібермеген. 16 тамыз күні кешке Бішкектің Первомай аудандық соты Текебаевты "пара алды" деп айыптап, сегіз жылға соттады. Текебаев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, президент сайлауы алдында саяси қудалауға ұшырағанын айтады. Тергеу органдары қылмыстық істің нақты айғақтар негізінде қозғалғанын мәлімдеп келеді.

Осы кезге дейін Темир Сариев, Омурбек Бабанов, Сооронбай Жээнбеков және Бакыт Торобаев ресми түрде президенттікке кандидат болып тіркелген.

Видео: Текебаевты не үшін соттады?

Текебаевты не үшін соттады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:28 0:00

XS
SM
MD
LG