Accessibility links

Сауд Арабиясында әйелдердің көлік жүргізуіне рұқсат берілді


Эр-Рияд көшесінде жүрген Сауд Арабиясының әйелдері (Көрнекі сурет).
Эр-Рияд көшесінде жүрген Сауд Арабиясының әйелдері (Көрнекі сурет).

Сауд Арабиясында әйелдердің көлік жүргізуіне рұқсат берілді. Бұл туралы жарлыққа Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдел Әзиз әл Сауд қол қойды деп хабарлайды Al Arabia телеарнасы.

Жарлық бойынша, жаңа заңның орындалуын ішкі істер министрлігі, қаржы министрлігі, еңбек және әлеуметтік даму министрлігі қамтамасыз етеді. Жарлық 2018 жылдың маусымына қарай іске асырылмақ.

Сауд Арабиясы әлемдегі әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған жалғыз мемлекет болатын. Белсенділер әйелдердің көлік жүргізу құқығы үшін 1990 жылдардан бері күресіп келеді. Әйердердің көлік жүргізуіне консерватор ислам діндарлары қарсы болып келген. Бұл елде көлік жүргізу құқығы үшін күрескен әйелдер жиі тұтқындалып, жазаланған.

XS
SM
MD
LG