Алматыдағы ардагерлер ұйымдары бүгін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында бұған дейін жоспарланған сенбіліктің орнына вандализмге қарсылық шеруін өткізді. Шара кезінде Алматы әкіміне, қала прокурорына және Қазақстан президентінің әкімшілігіне жазылған петицияға қол жинады.
Қазақстан парламентінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев сөзінде Германияда совет жауынгерлеріне қойылған ескерткіштерге деген құрмет Алматыдағыдан жақсы деп мәлімдеді. Шеруде сөйлегендер саябақтағы совет кезінде орнатылған ескерткіштерге жасалған вандализм салдарын әлі күнге жоймай, қарекетсіз отыр деп қала билігін сынады.
Қыркүйектің 15-іне қараған түні Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы қаһарман қалалар аллеясына қойылған ескерткіш тастарды белгісіз біреулер бүлдіріп, олардың жазуы мен жұлдыздарын жұлып тастаған.