Accessibility links

Бабанов: Билікті басып алмақ пиғылым жоқ


Омурбек Бабанов баспасөз конференциясында сөйлеп отыр. Бішкек, 16 қазан 2017 жыл.
Омурбек Бабанов баспасөз конференциясында сөйлеп отыр. Бішкек, 16 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан президенті сайлауында екінші орын алған, парламенттегі "Республика - Ата Журт" фракциясының жетекшісі Омурбек Бабанов "билікті басып алмақ ойы жоқ" екенін мәлімдеді. Бішкекте өткен баспасөз конференциясында Бабанов сайлау қырғызстандықтарды "біріктіргенін" айтты. Ол "әкімшілік ресурстан қорықпай, дауыс бергендерге" алғыс білдіріп, жақтастары мен өз командасын қандай да бір арандатуларға ұрынбауға шақырды.

- Маған қазір 16 қазан күні сағат 12-де "Бабановты қолдайтындарды алаңға шығуға шақырып жатыр" деген арандататын материал түсті. Тағ да еске салғым келеді; мен ешқашан билікті басып алған емеспін! Қазір де, болашақта да билікті басып алмақ ойым жоқ. Біз сайлаушылар мен үгіт-насихатшыларымыздың құқығын тек заңды жолмен қорғаймыз. Мен біздің жеңісіміз алда екеніне өте сенімдімін. Бұл сайлау бізді біріктірді, - деді Бабанов.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, Социал-демократиялық партиясының кандидаты Сооронбай Жээнбеков сайлауда 54,81 пайыз дауыс алған. Оның басты қарсыласы Омурбек Бабанов 33,74 пайыз дауыс иеленген.

Дауыс беру нәтижесі туралы айтқан Бабанов жеңіске жеттім деп санайтынын мәлімдеді.

- Біз сөз жоқ, жеңдік, және біздің жеңісіміз ол адамдардың санасын өзгертіп, оларға өз сөзіңді айту керек екенін, заңды жолмен өзіңнің дұрыстығыңды дәлелдеуге болатынын көрсеттік. Біз Қырғызстанда сайлауға түсуге болатынын, өз бағдарламаң туралы айтып, халыққа мемлекеттің баламалы даму жолын ұсыну керегін көрсетті. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс болғанын уақыт өзі көрсетіп, саралайды, - деді Бабанов.

XS
SM
MD
LG