Балқаш қаласының екі тұрғыны "2016 жылы тамызда Балқашта топ болып қыз зорлау" ісі бойынша айыпты деп танылып, 12 жылға сотталды. Адвокат Айман Умарованың хабарлауынша, екі ер адам Балқаштың 30 жастағы тұрғыны Нұргүл Құсылбекованы зорлады деп айыпталған. Сот үкімі бойынша кінәлілер жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек. Умарова азаматтық шағым бойынша талап етілген моральдық шығын сомасымен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Үкім әзірге күшіне енбеген.
"Біз екі сотталушыдан 60 миллион теңге моральдық өтемақы талап еттік, ал сот оларға тек бір миллион теңгеден төлеуді міндеттеді. Бұл өте аз қаржы. Біз апелляциялық инстанцияға шағымданамыз" деді Умарова.
Құсылбекованың айтуынша, екі жігіт өзін зиратқа күштеп алып барып, кезектесіп зорлап, соққыға жыққан. Ол қашып құтылып, полицияға шағымданған. Бірақ бірнеше ай өткен соң іс жабылып қалған. Бұл оқиға БАҚ-қа жарияланған соң ғана тергеу қайта басталып, іс сотқа жеткен.
Құсылбекованың танысы, істе куәгер болған адамды өткен айда сот сотталушылардың пайдасына жалған куәлік берді деп айыптаған. Оған рақымшылық заңы қолданылып, екі жарым жыл ерзімге шартты жаза кесілді.