Accessibility links

БҰҰ: Өзбекстанның демократияға елеулі бетбұрыс жасау шамасы бар


Ахмед Шахид, БҰҰ-ның дін еркіндігі жөніндегі арнайы баяндамашысы
Ахмед Шахид, БҰҰ-ның дін еркіндігі жөніндегі арнайы баяндамашысы

БҰҰ-ның дін еркіндігі жөніндегі арнайы баяндамашысы Ахмед Шахид БҰҰ Радиосына сұхбаn беріп, биыл қазанда Өзбекстанға жасаған он күндік сапарын қорытындылады. Ол бұл "елдің үкіметі қазіргі бағытынан таймаса, елеулі бетбұрыс жасауға мүмкіндігі барын" мәлімдеді.

Ахмед Шахидтің мәлімдеуінше, "Өзбекстанда жеке дін еркіндігі жоқтың қасы". "Жоқтың қасы" дейтін себебім, маған кез келген адам басқа дінге өте алатынын айтты. Бірақ қандай да бір дінді ұстану үшін тіркеуден өту керек екен" деді ол.

Ахмад Шахидтің пікірінше, коммунистік басқару жылдары Өзбекстанда дін еркіндігі күшпен басылған. "Соның салдарынан дін саласында интеллектуалды ресурс жоқ болуға шақ қалған" деді Ахмед Шахид.

"Діни сауаттылықты қайта қалпына келтіру қажеттілігі туындаған" деді БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы. "Өзбекстан әзірге дін тақырыбында ашық пікір-талас жүргізуге дайын емес. Бірақ шартты шаралар емес, дәл осындай ашық талқылаулар ғана экстремистік идеяларға кедергі бола алады" деді Шахид.

Ол Өзбекстан үкіметінің 16 мың діндар мұсылманды "қара тізімнен" шығару туралы шешімін қолдады. Бұл тізімдегілер құқық қорғау органдарының үнемі бақылауында болған. Ахмед Шахид билікті ұлттық заңдарды Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт талаптарына сәйкестендіруге шақырды.

XS
SM
MD
LG