Accessibility links

Бішкек шекарадағы жағдайға байланысты кәсіпкерлеріне жеңілдік жасамақ


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында тұрған жүк көліктері. 16 қазан 2017 жыл.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында тұрған жүк көліктері. 16 қазан 2017 жыл.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайдан зардап шеккен қырғыз кәсіпкерлеріне несиелерін өтеуді бес жыл мерзімге дейін шегеру ұсынылды. Бұл туралы Қырғызстан экономика министріінің орынбасары Данияр Иманалиев бизнес өкілдерімен кездесуінде хабарлады. Бұған дейін Қырғызстан экономика министрлігі кәсіпкерлерді қолдау шаралары, оның ішінде шекарада тауарлары тұрып қалғаннан тартқан шығындарын есептеу шараларын жасайтыны туралы мәлімдеген.

Қырғызстан экономика министрі Артем Новиковтың айтуынша, 1 қарашадағы жағдай бойынша салық төлеуді кейінге қалдыру немесе ұзарту, берешегіне өсімпұл қоспау сияқты салық және кеден жеңілдіктері ұсынылған.

Данияр Иманалиев кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салық жеңілдіктері, кеден төлемдері мен әлеуметтік төлемақылар бойынша жеңілдіктер жасау шаралары қабылданғанын хабарлады.

Қырғызстан мемлекеттік органдарының мәліметіне қарағанда, 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақ-қырғыз шекарасында тауары бар 700-ден астам жүк көлігі тұрған.

XS
SM
MD
LG