Accessibility links

Қырғыз парламенті Құмтөрдегі мұздықтарды жылжытуды қолдады


Қырғызстандағы Құмтөр кеніші (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы Құмтөр кеніші (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламенті 16 қарашада Су кодексіне өзгерістер енгізу жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Қырғызстанда бірқатар экологтар мен азаматтық белсенділер бұған дейін бұл заң жобасына қарсы шығып, парламентті "аймақ экологиясына ауыр зардап келтіретін" түзетулерді қабылдамауға шақырған. Жобаны парламент жиынына қатысқан 85 депутаттың 63-і қолдап, 22-сі қарсы дауыс берді.

Бұл заң жобасы бойынша депутаттар сауалына Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Дуйшенбек Зилалиев бастаған мүшелері жауап берді.

Үкімет дайындаған заң жобасы алтын өндіруші кәсіпорындарға кенішті игеру үшін мұздықтарды жылжытуға рұқсат береді. Құжат Құмтөр кенішінің орталық карьеріне жақын орналасқан Давыдов және Лысый мұздықтарын жылжытуға жол ашпақ.

Заңға түзету түпкілікті қабылданса Ыстықкөл облысындағы Құмтөр кенішін игеріп жатқан "Центерра" компаниясы бұл екі мұздық орналасқан аумақта еркін жұмыс істеу құқығына ие болмақ.

ВИДЕО: Бішкектегі Су кодексіне түзету жобасын талқылау (11.11.2017)

Қырғыз вице-премьері мен белсенділер дауласып қалды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

XS
SM
MD
LG