Accessibility links

Ұлттық банк: 500 теңгелік жаңа банкнот айналымға шықты


Қазақстан Ұлттық банкі айналымға шығарған 500 теңгелік жаңа банкнот. 22 қараша 2017 жыл.
Қазақстан Ұлттық банкі айналымға шығарған 500 теңгелік жаңа банкнот. 22 қараша 2017 жыл.

Қазақстан Ұлттық банкі 22 қарашадан бастап 500 теңгелік, дизайны өзгерген жаңа банкнот айналымға шығарылғанын хабарлады. 2006 жылы шыққан, дизайны ескі банкнот 2020 жылдың 10 маусымына дейін айналымда болады.

"2017 жылғы үлгідегі, номиналдық құны 500 теңгелік банкноттардағы мемлекеттік тілдегі жазулар банкноттың дизайнын әзірлеу кезінде қолданыста болған кириллица әліпбиімен жазылды" делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Ұлттық банк банкнот пен монеталардағы жазуларды өзгерту жұмыстарын Қазақстан президентінің 2017 жылдың 26 қазанында шығарған "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлығына сай жүргізетінін хабарлады.

Нзарбаевтың бұл жарлығымен үкіметке қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша Ұлттық комиссия құру, әліпбиді 2025 жылға дейін "кезең-кезеңімен" ауыстыруды қамтамасыз ету және осыған байланысты шаралар қабылдау тапсырылған.

XS
SM
MD
LG