Accessibility links

БАҚ: Трамптың бұрынғы кеңесшісі арнайы прокурорға болыса бастады


Майкл Флинн, АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі.
Майкл Флинн, АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі.

АҚШ президентінің Дональд Трамптың қауіпсіздік мәселесі бойынша бұрынғы кеңесшісі Майкл Флинн арнайы прокурор Роберт Мюллермен жұмыс жасай бастады. Мюллер Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына киліккенін тергеу тобын басқарады.

New York Times газетінің хабарлауынша, Флинн адвокаттары Дональд Трамптың заңгерлерімен Мюллер тергеуіне қатысты мәліметтермен бөлісуді тоқтатқан. Бұған дейін олар ақпарат алмасуға келіскен еді.

Қараша айының басында америкалық NBC News телеарнасы арнайы прокурор Роберт Мюллердің Майкл Флинн мен оның ұлына айып тағуға дәлелі жеткілікті екенін хабарлаған.

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы сайлау кампаниясы кезінде Демократиялық партия сайтына хакерлік шабуылды Ресей билігі ұйымдастырды деп есептейді. Дональд Трамп бұл айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарған.

Майкл Флинн президент Трамптың кеңесшісі болып 24 күн ғана жұмыс істеді, оның ресейлік дипломаттармен байланысы бары белгілі болған соң, кеңесші қызметінен кеткен.

XS
SM
MD
LG