Accessibility links

Тәжік парламенті діни партия құруға тыйым салуды қолдады


Тәжікстан парламентінің депутаттары.
Тәжікстан парламентінің депутаттары.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы "Ұждан бостандығы және діни бірлестіктер туралы" заңға түзетулер енгізу жобасын мақұлдады. Құжат елде діни партия құруға ресми түрде тыйым салмақ. Заң жобасы бойынша, Тәжікстанда діни білімді мемлекеттік оқу орындарында ғана алуға болады.

Тәжікстан - Орталық Азиядағы діни партия ұзақ жыл жұмыс істеген жалғыз мемлекет. Тәжікстанның ислам қайта өрлеу партиясы (ТИҚП) Совет одағы құлағанға дейін құрылып, 2015 жылы күзде билік "мемлекеттік төңкеріс жасауға қатыспақ болды" деп айыптаған соң жабылған.

Заңға енгізілетін өзгерістер бойынша, Тәжікстанда мемлекеттің елдегі діни саясатты түзудегі рөлі күшейтілмек. Қазір Тәжікстанның Үлемдер кеңесін мемлекет қадағалайды, имамдарға мемлекеттік қызметкер ретінде жалақы беріледі.

XS
SM
MD
LG