Accessibility links

Ресей билігі сайлауды сынаған "Открытая Россия" сайтын бұғаттады


"Открытая Россия" қозғалысының белгісі бар жалауша.
"Открытая Россия" қозғалысының белгісі бар жалауша.

Ресей территориясында ресейлік ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы, қазір шетелде тұратын Михаил Ходорковский құрған "Открытая Россия" қоғамдық қозғалысының сайты бұғаттала бастады. Провайдерлердің көпшілігінде сайт ашылмай тұр. Бұғаттауға сайтта "тәртіпсіздікке шақыратын" материалдың жариялануы себеп болған.

Қараша айында Мемлекеттік дума ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын Роскомнадзор мекемесіне Ресейде "ұнамсыз" деп танылған шетелдік немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдар жариялаған немесе таратқан ақпараттық материалдарды бас прокуратураның талабы бойынша дереу бұғаттауға рұқсат беретін заң қабылдаған. Басқа елдерде ашылып тұрған "Открытая Россия" сайтындағы ақпаратта ұйымның ұнамсыз" ұйым саналмайтыны айтылған.

Бұған дейін "Открытая Россия" Мәскеуде өткен конференциясында 2018 жылы өтетін Ресей президенті сайлауында ешбір кандидатты қолдамайтынын, президент Владимир Путин түсетін сайлаудың "фарсқа айналатынын" мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG